«Қаржы сақшысы» интеллектуалдық жарыс
background

«Қаржы сақшысы» интеллектуалдық жарыс

Медиатека / Жаңалықтар / «Қаржы сақшысы» интеллектуалдық жарыс

«Қаржы сақшысы» интеллектуалдық жарыс  

Ж. А. Ташенев атындағы қаржы бағыты бойынша білім алып жатқан 1-курс білім алушылары жоғары оқу орындар арасында 2026 жылы 29 қыркүйек күні өткізілген «Қаржы сақшысы» интеллектуалдық жарысына белсенді түрде қатысты.

Аталған интеллектуалдық жарыстың негізгі мақсаты – студенттердің қаржы саласындағы білімдерін тереңдету, олардың логикалық және сыни ойлау қабілеттерін дамыту, білімді тәжірибеде қолдану дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ студенттер арасында өзара тәжірибе және бәсекелестік ортаны қалыптастыру.

Жарысқа Түркістан облысындағы жоғары оқу орындарынан барлығы 100 команда қатысты. Команда жетекшілері: Юсунбаева Нигина Шамсиддиновна,
Аширбаева Сауле Бахытжановна

«Қаржы» білім беру бағдарламасы бойынша 1-курс студенттерінен құралған команда алғашқы кезеңдерде берілген тапсырмаларды жоғары деңгейде орындап, өз білімдері мен белсенділіктерін көрсетті.

Нәтижесінде 100 команданың арасынан біздің университеттің білім  алушылар командасы үздік нәтижелер көрсетіп, жарыстың 2-ші кезеңіне өткен 14 команданың қатарына еңді. Бұл нәтиже студенттердің пәнге деген қызығушылығын, дайындық деңгейін және командалық жұмыс қабілетін көрсетті.

Жарыс қорытындысы бойынша студенттер белсенді қатысқаны үшін алғыс хаттармен және дипломдармен марапатталды. Марапаттау студенттердің еңбегін бағалап, олардың оқу мен кәсіби дамуға деген ынтасын арттыруға ықпал етті.

«Экономика және менеджмент» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамын мен студенттерін шын жүректен құттықтаймыз!