Институттың «Әлем тілдері» стратегиялық жоспарының «Академиялық сапаны арттыру және білім беруді цифрландыру»
2026-09-30
Институттың «Әлем тілдері» стратегиялық жоспарының «Академиялық сапаны арттыру және білім беруді цифрландыру» бағыты шеңберінде, кафедра меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Ш.Н. Ергешбаеваның жетекшілігімен «Орыс және өзбек тілдері» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы мен 4-курс білім алушыларына арналған тілдерді оқытуда жасанды интеллект құралдарын тиімді әрі әдепті пайдалану (AI-assisted language learning) бойынша оқу-әдістемелік семинар-тренинг ұйымдастырылды.
Инновациялық әдістемелер мен Active Learning-ті енгізу:
«Перевернутый класс» (Фlipped Classroom) моделі мен Блум таксономиясын қолдана отырып, 6В01702 – «Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламасы бойынша интерактивті оқу материалдарының цифрлық банкі әзірленді.




