«Жасанды интеллект негіздері» пәні бойынша бинарлық дәріс өткізілді
background

«Жасанды интеллект негіздері» пәні бойынша бинарлық дәріс өткізілді

2025-02-05

Медиатека / Жаңалықтар / «Жасанды интеллект негіздері» пәні бойынша бинарлық дәріс өткізілді

«Жасанды интеллект негіздері» пәні бойынша бинарлық дәріс өткізілді

«Жасанды интеллект негіздері» пәні аясында «IT және цифрлық технологиялар» кафедрасының оқытушысы М. Баязива мен «Эврика» компаниясының өкілі бірлесіп бинарлық дәріс өткізді.

Дәріс барысында жасанды интеллектінің заманауи даму бағыттары, интеллектуалды технологияларды әртүрлі салаларда қолдану мүмкіндіктері және жасанды интеллект құралдарын пайдаланудың практикалық қырлары қарастырылды. Компания өкілі өзінің кәсіби тәжірибесімен бөлісіп, жүзеге асырылып жатқан жобалар мен цифрлық трансформация жағдайында мамандарға қойылатын өзекті талаптар туралы баяндады.

Теориялық білімді тәжірибеде қолдануға, цифрлық құзыреттерді дамытуға және жасанды интеллект саласындағы кәсіби қызметтің перспективаларына ерекше назар аударылды. Студенттер талқылауға белсенді қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, шақырылған маманнан пайдалы ұсыныстар алды.

Бинарлық дәрістің өткізілуі университет пен кәсіби қоғамдастық өкілдері арасындағы байланысты нығайтуға, академиялық білімді практикалық тәжірибемен ұштастыруға және студенттердің пәнге деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік берді.