Құқық кафедрасында халықаралық адвокатпен кездесу өтті
background

Құқық кафедрасында халықаралық адвокатпен кездесу өтті

2026-09-14

Медиатека / Жаңалықтар / Құқық кафедрасында халықаралық адвокатпен кездесу өтті

Құқық кафедрасында халықаралық адвокатпен кездесу өтті

2026 жылғы 10 қыркүйекте Құқық кафедрасында Түркия Республикасының Анталья қаласынан келген халықаралық адвокат Клара Гүлмен оқытушылар мен студенттердің кездесуі өтті.

Кездесу барысында Клара Гүл Түркия мен Қазақстанның адвокатура жүйесіндегі ерекшеліктер мен айырмашылықтар туралы айтып, Түркиядағы адвокаттық қызметтің қазіргі жағдайына тоқталды. Сондай-ақ, тәжірибеден нақты құқықтық жағдаяттар мен мысалдар келтіріліп, екі елдегі заң саласының ерекшеліктері талқыланды.

Іс-шара барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, халықаралық тәжірибе бойынша пікір алмасты.