«УНИВЕРСИТЕТТЕГІ БАСТЫ ТҰЛҒА — СТУДЕНТ»
2026-08-28
Медиатека / Жаңалықтар / «УНИВЕРСИТЕТТЕГІ БАСТЫ ТҰЛҒА — СТУДЕНТ»
«УНИВЕРСИТЕТТЕГІ БАСТЫ ТҰЛҒА — СТУДЕНТ»
Бүгін бұқаралық ақпарат құралдарында Ж.А. Тәшенев атындағы университет Басқарма төрағасы, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Оңалбай Аяшевтың көлемді сұхбаты жарық көрді.
Сұхбатта қазіргі университет қандай болуы керек, еңбек нарығының өзгеруіне сай мамандарды қалай даярлау қажет, жасанды интеллект білім беру жүйесін қалай өзгертеді және бүгінгі студентке дипломнан бөлек қандай дағдылар қажет деген маңызды мәселелер сөз болды.
Сондай-ақ Tashenev University-де жүзеге асырылып жатқан Tashenev AI Lab, Tomorrow School, ғылыми жобалар, жұмыс берушілермен және халықаралық серіктестермен ынтымақтастық, түлектерді жұмыспен қамту, білім сапасы мен академиялық адалдық бағытындағы жұмыстар туралы кеңінен айтылды.
Оңалбай Аяшев сұхбат барысында университет дамуының басты қағидатын ерекше атап өтті:
«Жеке өзім үшін университеттегі басты әрі құрметті тұлға — оның мәртебелі СТУДЕНТІ!»
Бұл — университеттің бүгінгі жұмысы мен алдағы даму бағытын айқындайтын негізгі ұстаным.
