«ТӘШЕНЕВ ТАРТУЫ» — 100 ІШКІ БІЛІМ ГРАНТЫНА КОНКУРС ЖАРИЯЛАНАДЫ!
background

«ТӘШЕНЕВ ТАРТУЫ» — 100 ІШКІ БІЛІМ ГРАНТЫНА КОНКУРС ЖАРИЯЛАНАДЫ!

2026-08-07

Медиатека / Жаңалықтар / «ТӘШЕНЕВ ТАРТУЫ» — 100 ІШКІ БІЛІМ ГРАНТЫНА КОНКУРС ЖАРИЯЛАНАДЫ!

«ТӘШЕНЕВ ТАРТУЫ» — 100 ІШКІ БІЛІМ ГРАНТЫНА КОНКУРС ЖАРИЯЛАНАДЫ!
Мемлекеттік грантқа ие бола алмадыңыз ба? Бұл — мүмкіндігіңіз аяқталды деген сөз емес!
Tashenev University «Тәшенев тартуы» білім беру гранты бойынша 100 ішкі грантқа конкурс жариялайды.
📅 Құжат қабылдау 10 тамыздан басталады.
⏳ Құжат қабылдаудың аяқталу мерзімі туралы қосымша хабарланады.
📌 Кімдер қатыса алады?
Конкурсқа мектепті биыл бітірген талапкерлер қатыса алады.
Маңызды:
❌ шығармашылық білім беру бағдарламалары;
❌ колледжден кейін түсетін талапкерлер;
❌ екінші жоғары білім алуға түсушілер — конкурсқа қатыса алмайды.
📄 ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР
Құжаттар қабылдау комиссиясына жеке, қолма-қол тапсырылады:
• аттестат және қосымшасы — түпнұсқа;
• жеке куәлік — 3 дана көшірме;
• 3×4 көлеміндегі фотосурет — 6 дана;
• 100 және одан жоғары балл жинаған ҰБТ сертификаты — көшірмесі;
• 075/у медициналық анықтамасы — түпнұсқасы және флюорография қорытындысымен;
• педагогикалық білім беру бағдарламаларына түсушілер үшін — педагогикалық тестілеуден өткені туралы құжат;
• республикалық және халықаралық пәндік олимпиадаларға қатысқан/жеңімпаз болғанын растайтын құжаттар.
📍 Мекенжайы: Шымкент қаласы, Д. Қонаев көшесі, 21
📞 Байланыс: +7 776 104 7070
100 грант. Бір мүмкіндік. Өзіңе берілген мүмкіндікті жіберіп алма!
Ендіше, СӘТТІЛІК!🙌
________