2026 жылғы 15 қаңтарда «Дене шынықтыру» кафедрасының аға оқытушылары Ж.А. Азимбаев пен Іңкәрбеков Д.Б. «Дене шынықтыру сабақтарында ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ) мен жасанды интеллектті
2026-01-15
2026 жылғы 15 қаңтарда «Дене шынықтыру» кафедрасының аға оқытушылары Ж.А. Азимбаев пен Іңкәрбеков Д.Б. «Дене шынықтыру сабақтарында ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ) мен жасанды интеллектті (ЖИ) қолдану» тақырыбында әдістемелік семинар өткізді. Семинар барысында дене шынықтыру сабақтарының тиімділігін арттыруда цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект құралдарын қолданудың заманауи мүмкіндіктері жан-жақты қарастырылды. Қатысушылар оқу процесін ұйымдастыруда интерактивті платформаларды пайдалану, оқу материалдарын цифрлық форматта әзірлеу, білім алушылардың дене дайындығын бағалау және талдау, сондай-ақ жасанды интеллект негізіндегі сервистерді сабақ жоспарлау мен оқу-әдістемелік жұмыстарда тиімді қолдану тәжірибесімен танысты. Іс-шара барысында оқытушылар өзара тәжірибе алмасып, АКТ мен ЖИ құралдарын оқу үдерісіне енгізудің артықшылықтары мен практикалық мүмкіндіктерін талқылады.

