Діни экстремизм – бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп атты түсіндірме жұмысы
2026-06-30
«Химия және биология» кафедрасының ұйымдастыруымен «Діни экстремизм – бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп» атты түсіндірме жұмысы жүргізілді.
Діни экстремизм – белгілі бір діни көзқарасты күшпен таңуға, қоғамда алауыздық туғызуға және заңды тәртіпті бұзуға бағытталған радикалды әрекеттер мен идеялар жиынтығы. Мұндай әрекеттер адамның құқықтары мен бостандықтарын шектеп, қоғамдық келісім мен ұлттық қауіпсіздікке елеулі қауіп төндіреді.
Діни экстремизмнің негізгі белгілеріне төзімсіздік, басқа діндер мен көзқарастарды мойындамау, зорлық-зомбылықты ақтау және жастарды теріс діни ағымдарға тарту жатады. Экстремистік ұйымдар адамдарды өз қатарына қосу үшін көбіне жалған ақпаратты, әлеуметтік желілерді және діни ұғымдарды бұрмалап түсіндіруді пайдаланады.
