ТӘШЕНЕВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҒАЛЫМЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТОП-100 АВТОРЫ ҚАТАРЫНА ЕНДІ! 🎉
2026-06-26
Медиатека / Жаңалықтар / ТӘШЕНЕВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҒАЛЫМЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТОП-100 АВТОРЫ ҚАТАРЫНА ЕНДІ! 🎉
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясы 2021–2025 жылдар аралығында Web of Science халықаралық дерекқорындағы ең көп дәйексөз алған және жарияланымдар саны жоғары қазақстандық аффилиациясы бар авторлардың рейтингін жариялады.
«Тарих және археология» ғылыми бағыты бойынша Тәшенев Университетінің Гуманитарлық ғылымдар кафедрасының меңгерушісі Апашева Сабира Нұрбайқызы Қазақстанның топ-100 авторы қатарына еніп, 20-орынға ие болды.
Бұл жетістік – ғалымның көпжылдық ғылыми еңбегінің, жүйелі зерттеу жұмысының және отандық ғылымның дамуына қосқан үлесінің айқын көрінісі.
«Бұл жетістік – тек менің ғана емес, ғылыми ізденіске бірге үлес қосып жүрген әріптестерім мен университетіміздің ортақ жетістігі. Ғылымдағы әрбір зерттеу қоғамның дамуына қызмет етуі тиіс. Алдағы уақытта да сапалы ғылыми еңбектер жазып, жас зерттеушілерді қолдауға күш саламын.»
Тәшенев Университеті атынан Сабира Нұрбайқызын осы жоғары жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз! Жаңа ғылыми табыстар, тың зерттеулер мен халықаралық деңгейдегі жетістіктер тілейміз! 

