30.03.2026 ж., сағат 10-30, 315 дәріс аудиториясында ИЭФ-25-1к1, 1к2, 2к1 топтарында «Экономика және менеджмент» кафедрасының э.ғ.к., аға оқытушысы
2026-03-30
30.03.2026 ж., сағат 10-30, 315 дәріс аудиториясында ИЭФ-25-1к1, 1к2, 2к1 топтарында «Экономика және менеджмент» кафедрасының э.ғ.к., аға оқытушысы Ж.Ж. Темированың «Микро және макроэкономика» пәнінен «Жалпы макроэкономикалық тепе теңдік» тақырыбы бойынша ашық дәріс сабағын өтті. Сабаққа «Экономика және менеджмент» кафедрасының аға оқытушысы профессор-оқытушылар құрамы қатысты.
Тақырыпты ашу барысында білім алушылар бейнебаян бойынша сұрақтарға жауап берді: Макроэкономикада «АD-АS» үлгісі шығарылым көлемі мен баға деңгейінің ауытқуларын, олардың өзгеруінің себептері мен салдарларын жалпы түрде зерттеу үшін қажетті базалық үлгі болып табылады. Бұл үлгінің көмегімен мемлекеттің экономикалық саясатының əртүрлі нұсқаларын қарастыруға болады. Жиынтық сұраныс (AD) – бұл макроэкономикалық субъектілердің белгілі бір уақыт кезеңінде (əдетте, 1 жыл ішінде) өндірілген соңғы тауарлар мен қызметтерге деген жиынтық шығындары. Ол белгілі бір уақытта сол макроэкономикалық субъектілер тарапынан өз сұраныстарын тапқан жиынтық шығарылым көлемінің экономикадағы бағасының жалпы деңгейімен өзара байланысы берілген тақырып шеңберінде таңдалым бойынша жағдаят құрастырды және шешті. Лектор мен білім алушылар арасындағы кері байланыс лекция барысындағы сұрақ-жауап, пікірталас барысынан көрінді.


