Университетте әлеуметтік желілер тіліне арналған ғылыми семинар өтті
background

Университетте әлеуметтік желілер тіліне арналған ғылыми семинар өтті

2026-06-22

Медиатека / Жаңалықтар / Университетте әлеуметтік желілер тіліне арналған ғылыми семинар өтті

Университетте әлеуметтік желілер тіліне арналған ғылыми семинар өтті

2026 жылдың 5 мамырында Иляева, 33 мекенжайында орналасқан оқу ғимаратының 309-аудиториясында заманауи тіл білімі мен коммуникация мәселелерін арқау еткен ғылыми-әдістемелік семинар болып өтті.

Жиынның бас спикері Ж.Ж. Жумагулова «Язык социальных сетей как отражение современных коммуникативных тенденций» тақырыбында кең көлемді баяндама жасады. Семинар барысында келесі өзекті мәселелер талқыланды:

·       Виртуалды кеңістіктегі тілдік нормалардың трансформациясы;

·       Әлеуметтік желілердегі жаңа трендтер мен сөзжасам процестері;

·       Заманауи коммуникативтік тенденциялардың жастар тіліне тигізер әсері.

Семинарға университет оқытушылары, жас ғалымдар мен студенттер белсенді қатысты. Баяндамадан кейін қатысушылар арасында қызу пікірталас орнап, интерактивті сұрақ-жауап сессиясы ұйымдастырылды.

Шара соңында қатысушылар тақырыптың бүгінгі қоғам үшін өте өзекті екенін атап өтіп, осындай ғылыми басқосулардың жиі ұйымдастырылып тұруы қажеттігін білдірді.