2026 жылғы 4 наурызда «Дене шынықтыруды оқытудың теориясы мен әдістемесі» кафедрасының оқытушысы Молдабеков Ерлан Онласыновичтің жетекшілігімен
background

2026 жылғы 4 наурызда «Дене шынықтыруды оқытудың теориясы мен әдістемесі» кафедрасының оқытушысы Молдабеков Ерлан Онласыновичтің жетекшілігімен

2026-03-04

Медиатека / Жаңалықтар / 2026 жылғы 4 наурызда «Дене шынықтыруды оқытудың теориясы мен әдістемесі» кафедрасының оқытушысы Молдабеков Ерлан Онласыновичтің жетекшілігімен

2026 жылғы 4 наурызда «Дене шынықтыруды оқытудың теориясы мен әдістемесі» кафедрасының оқытушысы Молдабеков Ерлан Онласыновичтің жетекшілігімен                    ФК-25-1к1 тобында «Нашақорлықтың алдын алу – ортақ міндет» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, есірткіге тәуелділіктің алдын алу, сондай-ақ жастардың құқықтық және әлеуметтік жауапкершілігін арттыру болды. Тәрбие сағаты барысында білім алушыларға нашақорлықтың медициналық, психологиялық және әлеуметтік салдары туралы ғылыми негізделген ақпарат ұсынылды. Есірткі заттарын қолданудың адам ағзасына тигізетін зияны, тұлғаның психоэмоционалдық жағдайына әсері, сондай-ақ қоғамдағы әлеуметтік мәселелердің туындауына ықпалы жан-жақты талқыланды. Сонымен қатар, зиянды әдеттердің алдын алу тетіктері, салауатты өмір салтының негізгі қағидалары және жастардың өз денсаулығына саналы көзқарасын қалыптастыру мәселелері қарастырылды. Студенттер тақырып аясында өз пікірлерін білдіріп, өзекті сұрақтар бойынша талдау жүргізіп, пікір алмасуға белсенді қатысты. Іс-шара барысында есірткінің заңсыз айналымы мен оны пайдаланудың қоғамға тигізетін теріс әсерлері түсіндіріліп, жастар арасында нашақорлықтың таралуының алдын алуда әрбір азаматтың жауапкершілігі ерекше атап өтілді. Тәрбие сағаты білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, зиянды әдеттерден бойын аулақ ұстауға және дені сау, бәсекеге қабілетті тұлға ретінде қалыптасуына бағытталды. Қорытындылай келе, студенттерге денсаулықтың адам өміріндегі басты құндылық екендігі түсіндіріліп, табысты болашақтың негізі сапалы білім мен салауатты өмір салтында екендігі насихатталды.