⚡️ ТӘШЕНЕВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ 2026 ЖЫЛҒЫ ҚАБЫЛДАУ НАУҚАНЫНА РЕСМИ СТАРТ БЕРІЛДІ
background

⚡️ ТӘШЕНЕВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ 2026 ЖЫЛҒЫ ҚАБЫЛДАУ НАУҚАНЫНА РЕСМИ СТАРТ БЕРІЛДІ

Медиатека / Жаңалықтар / ⚡️ ТӘШЕНЕВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ 2026 ЖЫЛҒЫ ҚАБЫЛДАУ НАУҚАНЫНА РЕСМИ СТАРТ БЕРІЛДІ

Бүгін Ж.А. Тәшенев атындағы университетінде 2026 жылғы талапкерлерді қабылдау науқанының ресми ашылу рәсімі өтті.
Іс-шараға университет басшылығы, профессор-оқытушылар құрамы, талапкерлер мен олардың ата-аналары қатысты.
Қабылдау науқанының ашылу рәсімін «Ж.А. Тәшенев атындағы университет» АҚ Басқарма төрағасы, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Түркістан облысының құрметті азаматы Оңалбай Аяшев ашты.
Оңалбай Аяшев, «Ж.А. Тәшенев атындағы университет» АҚ Басқарма төрағасы:
💬 «Бүгін біз жаңа қабылдау науқанына ғана емес, университет дамуының жаңа кезеңіне қадам басып отырмыз. Қазіргі таңда университетте бакалавриаттың 61 және магистратураның 9 білім беру бағдарламасы жүзеге асырылуда. Биыл біз тағы 19 жаңа білім беру бағдарламасын іске қосуға дайындық жүргізіп жатырмыз. Олардың қатарында жасанды интеллект, деректер ғылымы, киберқауіпсіздік, цифрлық құқық, data журналистика, қаржы аналитикасы және урбанистика сияқты болашақ мамандықтары бар. Сонымен қатар университет тарихында алғаш рет докторантура бағдарламаларын ашуды жоспарлап отырмыз. Бұл ғылыми әлеуетімізді нығайтып, бәсекеге қабілетті мамандар даярлауға жаңа мүмкіндік береді. Сонымен бірге цифрлық сервистерді дамыту арқылы талапкерлерге барынша қолайлы орта қалыптастырудамыз. Онлайн қабылдау комиссиясы мен электронды кезек жүйесі – осы жұмыстың нақты нәтижесі. Біздің басты мақсатымыз – әр талапкерге сапалы білім алуға мүмкіндік беретін заманауи университеттік орта ұсыну», – деді Оңалбай Аяшұлы.
Жаңа бакалавриат бағдарламаларының қатарында «Қалалар экономикасы және урбанистика», «Креативті салалардағы экономика және индустрияны басқару», «Мемлекеттік сектордағы жобаларды басқару», «Жасанды интеллект және деректер ғылымы», «Бағдарламалық қамтамасыз ету инженериясы», «Компьютерлік ғылымдар», «Киберқауіпсіздік және ақпараттық технологиялар», «Data журналистика және медиакоммуникация», «Комплаенс және цифрлық құқық», «Құқық қорғау қызметі және киберқауіпсіздік», «Қаржы және деректерді талдау», «Сандық есеп және деректер аудиті» секілді сұранысқа ие бағыттар бар.
Магистратура деңгейінде «Киберқауіпсіздік және ақпараттық технологиялар», «Дене шынықтыру және спортты басқару педагогтарын даярлау», «Құқық қорғау қызметі және киберқауіпсіздік», «Химия педагогтарын даярлау» және «Қаржы және деректерді талдау» білім беру бағдарламаларын іске қосу жоспарлануда.
Сонымен қатар университет тарихында алғаш рет докторантура деңгейіндегі «Педагогика және психология» және «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламаларын ашу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл жоғары білікті ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау бағытындағы маңызды қадам болмақ.
Қазіргі таңда Тәшенев университетінде бакалавриат деңгейінде 61 білім беру бағдарламасы және магистратура деңгейінде 9 білім беру бағдарламасы жүзеге асырылуда. Жаңа бағдарламаларды іске қосқаннан кейін университеттің академиялық мүмкіндіктері одан әрі кеңейе түседі.
Университет жүйелі түрде білім беру бағдарламаларының аясын кеңейту жұмыстарымен қатар инфрақұрылымды жаңғыртуға және заманауи білім беру ортасын қалыптастыруға бағытталған кешенді жұмыстарды да тұрақты түрде жүзеге асырып келеді.
Сонымен қатар талапкерлерге қолайлы жағдай жасау мақсатында онлайн қабылдау комиссиясы өз жұмысын бастады. Құжаттарды қабылдау процесін оңтайландыру және кезек күту уақытын қысқарту үшін электронды кезек жүйесі енгізілді. Бұл жаңашылдық талапкерлер мен ата-аналарға қызмет көрсетудің ашықтығы мен тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Университетте қабылдау науқаны барысында талапкерлерге кәсіби бағдар беру, білім беру бағдарламалары бойынша кеңес беру және мемлекеттік білім гранттары конкурсына қатысу тәртібін түсіндіру бойынша кешенді жұмыстар жүргізілетін болады.
Тәшенев университеті биыл да талапкерлерге сапалы білім, заманауи инфрақұрылым, халықаралық серіктестік мүмкіндіктері және кәсіби дамуға бағытталған білім беру бағдарламаларын ұсынуды жалғастырады.
2026 жылғы қабылдау науқаны аясында университет талапкерлерді жаңа мүмкіндіктер әлеміне шақырады.