2026 жылғы 5- мамыр Дене шынықтыру кафедрасының аға оқытушысы Б.К.Исмайл ФК-25-1к11 тәлімгерлік топтарының білім алушыларына «Отан – отбасынан басталады» тақырыбында тәрбие сағаты өтілді
background

2026 жылғы 5- мамыр Дене шынықтыру кафедрасының аға оқытушысы Б.К.Исмайл ФК-25-1к11 тәлімгерлік топтарының білім алушыларына «Отан – отбасынан басталады» тақырыбында тәрбие сағаты өтілді

2026-05-05

Медиатека / Жаңалықтар / 2026 жылғы 5- мамыр Дене шынықтыру кафедрасының аға оқытушысы Б.К.Исмайл ФК-25-1к11 тәлімгерлік топтарының білім алушыларына «Отан – отбасынан басталады» тақырыбында тәрбие сағаты өтілді

– Құрметті оқушылар! Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы – «Отан – отбасынан басталады». Әр адамның ең жақын ортасы – отбасы. Отбасында алған тәрбие арқылы біз Отанымызды сүюді, құрметтеуді үйренеміз. Сондықтан отбасы – Отанның кішкентай үлгісі.

Отан – туған жеріміз, еліміз, халқымыз. Ал отбасы – адамның ең алғашқы тәрбие мектебі. Отбасында ата-анамыз бізге адамгершілікті, еңбекқорлықты, сыйластықты үйретеді. Осы қасиеттер арқылы біз өз еліміздің нағыз азаматы болып қалыптасамыз.

– Отбасы – әр адамның тірегі, ал Отан – бәріміздің ортақ үйіміз. Отбасын құрметтеген адам өз елін де құрметтейді. Сондықтан жақсы азамат болудың алғашқы қадамы – отбасыңды сыйлау және Отаныңды сүю.

«Отанын сүйген адам – отбасын құрметтейді, ал отбасын құрметтеген адам – елінің мақтанышы болады».