6В01202-Мектепке дейінгі білім (IP) - білім беру бағдарламасы бойынша білім алушылардың практикасы
2026-02-02
6В01201-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу, 6В01202-Мектепке дейінгі білім (IP) - білім беру бағдарламасы бойынша білім алушылардың оқу, педагогикалық және өндірістік практикаларын ұйымдастыру келесі мекемелер базасында жүзеге асырылады:
1. 1. «Жанерке» бөбекжайы жеке мекемесі
2. 2. Шымкент қаласы, білім бөліміне қарасты №48 «Береке» бөбекжай-балабақшасы МКҚК
3. 3. Түркістан облысы Сайрам ауданы білім бөліміне қарасты, «Шаттық» бөбекжай-бақшасы МКҚК
4. 4. ЖШС «Нұр-Айым» бөбекжай-бақшасы
5. 5. Шымкент қаласы, Абай ауданы «Мамина» шағын мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру орталығы жеке мекемесі
Аталған практика базалары білім алушылардың теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыруға, кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының қызметімен жан-жақты танысуына мүмкіндік береді.
Практика барысында білім алушылар тәрбие-білім беру үдерісін ұйымдастыру, балалардың жас және жеке ерекшеліктерін ескере отырып жұмыс жүргізу, инновациялық педагогикалық технологияларды қолдану, ата-аналармен және педагогикалық ұжыммен тиімді қарым-қатынас орнату дағдыларын меңгереді.
Практика базаларымен жасалған ынтымақтастық білім беру бағдарламасының сапасын арттыруға, жұмыс берушілердің талаптарын ескеруге және түлектердің кәсіби даярлығын жетілдіруге бағытталған.

