Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасының 3-курс білім алушылары педагогикалық практикасынан өтті
2026-02-02
«Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» кафедрасының күндізгі оқу түрі бойынша оқитын **6В01301 – Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі** және **6B01201 – Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту** білім беру бағдарламаларының 3-курс білім алушылары педагогикалық практикадан өту үшін төменде көрсетілген практика базаларына жіберілді.
Практика Шымкент қаласындағы жалпы орта және бастауыш білім беру ұйымдарында ұйымдастырылып, студенттерге оқу-тәрбие үдерісін тереңірек меңгеруге, сабақ беру әдістемесін жетілдіруге және педагогикалық шеберлікті қалыптастыруға мүмкіндік берілді. Практика барысында білім алушылар тәжірибелі педагогтардың сабақтарына қатысып, оқу үдерісін жоспарлау, өткізу және талдау жұмыстарымен танысты.
Практика базалары:
№38 Н. Ондасынов атындағы мектеп-гимназиясы
№52 жалпы орта білім беретін мектеп
№129 жалпы орта білім беретін мектеп (Шымкент қ.)
№76 Р. Мырзашев атындағы негізгі орта мектеп
№65 Ы. Алтынсарин атындағы мектеп-гимназиясы
№40 Алпамыс батыр атындағы мектеп-гимназиясы
«Жас түлек» бастауыш мектебі
№128 жалпы орта мектеп
№50 А. Байтұрсынов атындағы мектеп-гимназиясы
№17 Лермонтов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп
«Жас-Дарын-5» мектебі
№62 Н. Төреқұлов атындағы жалпы орта мектебі
Практика барысында студенттер сабақтарға қатысып, педагогикалық бақылау жүргізіп, оқушылармен жұмыс істеу дағдыларын жетілдірді. Сонымен қатар, оқу үдерісін ұйымдастырудың заманауи әдістерімен танысып, өздерінің кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға мүмкіндік алды. Бұл тәжірибе болашақ педагогтардың теориялық білімін практикамен ұштастыруға және педагогикалық шеберлігін арттыруға ықпал етті.

