2026 жылғы 15 сәуірде «Дене шынықтыруды оқытудың теориясы мен әдістемесі» кафедрасының оқытушысы А.Қ. Маханбетова ФК-25-1к5, ФК-24-1к4 тәлімгерлік топтарының білім алушыларына
2026-04-15
2026 жылғы 15 сәуірде «Дене шынықтыруды оқытудың теориясы мен әдістемесі» кафедрасының оқытушысы А.Қ. Маханбетова ФК-25-1к5, ФК-24-1к4 тәлімгерлік топтарының білім алушыларына «Қазіргі жастар және синтетикалық есірткі қаупі» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.
Іс-шара барысында университет қабырғасында білім алып жүрген жастар – еліміздің ертеңі, болашақ мамандар мен қоғамның қозғаушы күші екендігі атап өтілді. Сондықтан жастардың денсаулығын сақтау, олардың саналы өмірлік ұстанымын қалыптастыру және зиянды әдеттердің алдын алу маңызды міндеттердің бірі болып табылады.
Тәрбие сағатында синтетикалық есірткінің адам денсаулығына тигізетін зияны, оның қоғамға әсері және жастар арасында таралу себептері туралы айтылды. Сонымен қатар жалған ақпарат, қызығушылық, құрдастар ықпалы және әлеуметтік желілердегі заңсыз жарнамалардың қауіптілігі түсіндірілді. Кездесу соңында білім алушылар өз денсаулығы мен болашағына жауапкершілікпен қараудың маңыздылығы жөнінде пікір алмасты. Іс-шараның негізгі мақсаты – білім алушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, зиянды әдеттердің алдын алу және құқықтық сауаттылықты арттыру.
Біздің таңдауымыз – дені сау ұрпақ, қауіпсіз орта және жарқын болашақ!

