Ташенев университетінің ұжымы профессор атағымен құттықтайды
background

Ташенев университетінің ұжымы профессор атағымен құттықтайды

2026-06-16

Медиатека / Құттықтаулар / Ташенев университетінің ұжымы профессор атағымен құттықтайды

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің бұйрығына сәйкес Ташенев университетінің қадірлі ұстазы, білікті ғалым, педагогика және ғылым саласының майталманы Тұрысқұлов Өмірәлі Жүсіпұлына «Профессор» ғылыми атағы берілді.

Бұл жоғары ғылыми атақ – ұстаздың көпжылдық қажырлы еңбегінің, ғылыми-зерттеу қызметіндегі жетістіктерінің, жоғары білім беру жүйесін дамытуға қосқан елеулі үлесінің және жас ұрпаққа сапалы білім мен тағылымды тәрбие берудегі табанды қызметінің заңды нәтижесі.

Өмірәлі Жүсіпұлы өзінің кәсіби қызметінде ғылым мен білімді ұштастыра отырып, көптеген шәкірттердің қалыптасуына жол ашып, ғылыми кадрларды даярлауға және отандық ғылымның дамуына сүбелі үлес қосып келеді. Оның ғылыми еңбектері мен педагогикалық тәжірибесі әріптестері мен білім алушылар арасында жоғары бағаланып, үлкен құрметке ие.

Ташенев университетінің ұжымы Өмірәлі Жүсіпұлын осы айтулы жетістігімен шын жүректен құттықтай отырып, зор денсаулық, шығармашылық шабыт, ғылыми-зерттеу жұмыстарында жаңа табыстар мен толағай жетістіктер тілейді.

Профессор атағыңыз құтты болсын!

Ғылымға адал қызмет – елдің зияткерлік әлеуетін арттырып, ұлт болашағын қалыптастырудың маңызды кепілі.