Ж.А. Тәшенев университетінде ҚР ІІМ Оқу орталығының өкілдерімен кездесу өтті
2026-06-16
Медиатека / Жаңалықтар / Ж.А. Тәшенев университетінде ҚР ІІМ Оқу орталығының өкілдерімен кездесу өтті
Шымкент қаласындағы Ж.А. Тәшенев атындағы университеттің Құқық кафедрасының 1-3 курс білім алушылары үшін маңызды кездесу ұйымдастырылды. Шараға Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Б. Момышұлы атындағы оқу орталығының басшылығы арнайы қатысты.
Кездесу барысында студенттерге «Қызмет плюс КЗ» жаңа дәуір платформасының жұмысы бойынша кеңінен түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, болашақ заңгерлер заң мен тәртіп қағидаттары аясында Ішкі істер органдарына (ІІО) қызметке орналасудың тәртібі мен шарттарымен танысты.



