Магистранттардың диссертация қорғау үдерісі өтті
background

Магистранттардың диссертация қорғау үдерісі өтті

2026-06-16

Медиатека / Жаңалықтар / Магистранттардың диссертация қорғау үдерісі өтті

Ж.А. Тәшенев университетінің Экономика және менеджмент кафедрасында «Мемлекеттік және жергілікті басқару» білім беру бағдарламасының магистранттарының магистрлік диссертацияларын қорғау үдерісі өтті.

 Қорғау барысында магистранттар өздерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін таныстырып, диссертациялық тақырыптарының өзектілігін, зерттеу мақсаттары мен міндеттерін, ғылыми жаңалығы мен практикалық маңызын жан-жақты баяндады. Комиссия мүшелері ұсынылған жұмыстарға қатысты сұрақтар қойып, зерттеу нәтижелеріне кәсіби тұрғыдан баға берді. 

Магистрлік диссертацияны қорғау – білім алушылардың оқу барысында жинақтаған теориялық білімдері мен ғылыми-зерттеу дағдыларының қорытынды көрсеткіші. Бұл маңызды кезең олардың кәсіби біліктілігін айқындап, мемлекеттік және жергілікті басқару саласындағы бәсекеге қабілетті маман ретінде қалыптасуына жол ашады.

Ж.А. Тәшенев университеті магистранттарды диссертацияларын сәтті қорғауларымен құттықтап, алдағы кәсіби қызметтеріне толағай табыс тілейді.