Оқу-танысу тәжірибесі бойынша есептерді қорғау басталды
background

Оқу-танысу тәжірибесі бойынша есептерді қорғау басталды

2026-06-16

Медиатека / Жаңалықтар / Оқу-танысу тәжірибесі бойынша есептерді қорғау басталды

Ж.А. Тәшенев университетінің Экономика және құқық факультетінің Экономика және Халықаралық бизнес және менеджмент кафедрасының 1 курс студенттерінің оқу-таныстыру тәжірибесі бойынша есептерін қорғау жұмыстары басталды.

Қорғау барысында әрбір білім алушы тәжірибе аясында дайындаған жеке тақырыптарын таныстырып, өз баяндамаларын ұсынды. Сонымен қатар, студенттер университет туралы көзқарастарымен бөлісіп, оқу орнының білім беру мүмкіндіктері, студенттік өмірі және болашақ кәсіби дамудағы маңызы жөніндегі пікірлерін ортаға салды.

Мұндай іс-шаралар студенттердің көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын жетілдіруге, аналитикалық ойлау қабілеттерін дамытуға және өз ойын еркін жеткізуіне мүмкіндік береді. Оқу-таныстыру тәжірибесінің қорытындысы білім алушылардың алғашқы кәсіби бағыт-бағдарын қалыптастыруда маңызды кезең болып табылады.