Ж.А. Тәшенев университетінің өкілі халықаралық конференцияға қатысты
2026-06-16
Ж.А. Тәшенев университетінің «Құқық» кафедрасының аға оқытушысы, 2 курс докторанты Сатыбалдиева М.Т. Ресей Федерациясының Екатеринбург қаласында өткен ХІХ сессияға қатысып қайтты.
«Синтез права и технологий: на пути к технологическому лидерству» тақырыбында ұйымдастырылған халықаралық ғылыми конференция құқық саласындағы заманауи технологияларды енгізу, цифрландыру үдерістері, жасанды интеллекттің құқықтық реттелуі және технологиялық көшбасшылық мәселелерін талқылауға арналды.
Конференция аясында түрлі елдерден келген ғалымдар мен сарапшылар құқық пен технологияның өзара ықпалдастығы, инновациялық шешімдерді құқықтық қамтамасыз ету және цифрлық трансформация жағдайындағы өзекті мәселелер бойынша тәжірибе алмасты. Сатыбалдиева М.Т. аталған ғылыми алаңға қатысу арқылы халықаралық академиялық ынтымақтастықты нығайтуға және кәсіби тәжірибесін жетілдіруге өз үлесін қосты.
Ж.А. Тәшенев университеті профессор-оқытушылар құрамының халықаралық ғылыми іс-шараларға белсенді қатысуын қолдап, ғылым мен білімнің дамуына бағытталған бастамаларды жүзеге асыруды жалғастыра береді.


