«Химия және биология» кафедрасында «Дін – тәрбиенің рухани тірегі» тақырыбында діни тәрбие сағаты өткізілді.
background

«Химия және биология» кафедрасында «Дін – тәрбиенің рухани тірегі» тақырыбында діни тәрбие сағаты өткізілді.

2026-06-09

Медиатека / Жаңалықтар / «Химия және биология» кафедрасында «Дін – тәрбиенің рухани тірегі» тақырыбында діни тәрбие сағаты өткізілді.

       «Химия және биология» кафедрасында «Дін – тәрбиенің рухани тірегі» тақырыбында діни тәрбие сағаты өткізілді. Тәлімгерлік сағатына  ЕП-24-7к; ЕП-24-9к, ЕП-24-10к; топтарының білім алушылары қатысты. Баяндама оқылып, білім алушылар өз ойларымен бөлісті. «Дін – тәрбиенің рухани тірегі» тақырыбы жас ұрпақтың бойында адамгершілік, имандылық, адалдық, жауапкершілік сияқты асыл қасиеттерді қалыптастыруға бағытталған. Дін – адамның рухани дүниесін байытып, оны ізгілікке, мейірімділікке, сабырлылыққа және әділдікке тәрбиелейтін маңызды құндылықтардың бірі. Ол қоғамдағы татулық пен бірлікті нығайтып, адамдарды өзара сыйластық пен құрметке үндейді.

Бұл тақырыптың мақсаты – оқушыларға діннің тәрбиелік мәнін түсіндіру, ұлттық және рухани құндылықтарды дәріптеу, жастардың діни сауаттылығын арттыру. Сонымен қатар, дәстүрлі діндердің адам өміріндегі орны мен оның қоғамдағы оң ықпалын насихаттау арқылы жастарды жат ағымдардың ықпалынан сақтандыру көзделеді.