«DIGITAL – сенбілік: Сандық кеңістікті тазарту» тақырыбындағы іс-шара
background

«DIGITAL – сенбілік: Сандық кеңістікті тазарту» тақырыбындағы іс-шара

2026-06-08

Медиатека / Жаңалықтар / «DIGITAL – сенбілік: Сандық кеңістікті тазарту» тақырыбындағы іс-шара

Өткізілген күні: 21.05.2026 ж.

Өткізілген орны: «Химия және биология» кафедрасы  Гагарина 22а

Қатысушылар: 6В01507-Химия-биология мұғалімдерін даярлау мамандығының білім алушылары және тәлімгерлер.     Бүгінгі цифрлық дәуірде ақпараттық қауіпсіздік пен сандық гигиенаны сақтау маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Осыған байланысты студенттер арасында «DIGITAL – сенбілік: Сандық кеңістікті тазарту» тақырыбында тәрбиелік іс-шара ұйымдастырылды.

    Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттердің цифрлық мәдениетін қалыптастыру, интернеттегі қауіпсіздік ережелерін түсіндіру, сондай-ақ жеке құрылғылар мен әлеуметтік желілердегі артық, қажетсіз және зиянды ақпараттарды тазарту дағдыларын дамыту.