«DIGITAL – сенбілік: Сандық кеңістікті тазарту» тақырыбындағы іс-шара
background

«DIGITAL – сенбілік: Сандық кеңістікті тазарту» тақырыбындағы іс-шара

Медиатека / Жаңалықтар / «DIGITAL – сенбілік: Сандық кеңістікті тазарту» тақырыбындағы іс-шара

Өткізілген күні: 21.05.2026 ж.

Өткізілген орны: «Педагогикалық және жаратылыстану ғылымдары»институты Гагарина 22а

Қатысушылар: 6В01101-Психология (IP), 6В01202- Мектепке дейінгі білім беру (IP), 6В01507-Химия-биология мұғалімдерін даярлау, 6В01501-Математика мұғалімдерін даярлау мамандығының білім алушылары және аға тәлімгерлер Мамадәлі Ж.Т.,Кенесова А.П.,Ермашова А.О.

     Бүгінгі цифрлық дәуірде ақпараттық қауіпсіздік пен сандық гигиенаны сақтау маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Осыған байланысты студенттер арасында «DIGITAL – сенбілік: Сандық кеңістікті тазарту» тақырыбында тәрбиелік іс-шара ұйымдастырылды.

    Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттердің цифрлық мәдениетін қалыптастыру, интернеттегі қауіпсіздік ережелерін түсіндіру, сондай-ақ жеке құрылғылар мен әлеуметтік желіердегі артық, қажетсіз және зиянды ақпараттарды тазарту дағдыларын дамыту.