Жай сөйлемнің функционалдық түрлері мен құрылымдық типтері
background

Жай сөйлемнің функционалдық түрлері мен құрылымдық типтері

Медиатека / Жаңалықтар / Жай сөйлемнің функционалдық түрлері мен құрылымдық типтері

Жұмабек Ахметұлы Тәшенев атындағы университетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының аға оқытушысы Ш.А. Бакирова 2026 жылғы 15 сәуір күні 6В01701 – «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламасының білім алушыларына арналған «Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі» пәні бойынша «Жай сөйлемнің функционалдық түрлері мен құрылымдық типтері» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Лекция түрінде ұйымдастырылған сабақ 216 аудиторияда сағат 11:30-да өтті.

Сабақ барысында жай сөйлемнің функционалдық түрлері мен құрылымдық ерекшеліктері жан-жақты қарастырылды. Атап айтқанда, жақты және жақсыз сөйлемдердің грамматикалық сипаты, толымды және толымсыз сөйлемдердің тілдік қолданыстағы ерекшеліктері, атаулы сөйлемдердің жасалу жолдары мен коммуникативтік қызметі түсіндірілді. Сонымен қатар сөйлемдердің құрылымдық типтері мен синтаксистік ерекшеліктеріне ғылыми тұрғыдан талдау жасалды.

Ашық сабақ барысында білім алушылар синтаксистік талдау жұмыстарын орындап, сөйлем түрлерін ажырату дағдыларын жетілдірді. Интерактивті әдістер мен теориялық материалдарды ұштастыру арқылы білім алушылардың пәнге қызығушылығы арттырылды. Сабақ жоғары ғылыми-әдістемелік деңгейде ұйымдастырылып, оқу мақсаттарына толық қол жеткізілді.