«Математика және физика» кафедрасының магистр, аға оқытушысы А.С. Арысбаева 20.04.2026ж. күні, сағат
background

«Математика және физика» кафедрасының магистр, аға оқытушысы А.С. Арысбаева 20.04.2026ж. күні, сағат

2026-06-04

Медиатека / Жаңалықтар / «Математика және физика» кафедрасының магистр, аға оқытушысы А.С. Арысбаева 20.04.2026ж. күні, сағат

«Математика және физика» кафедрасының магистр, аға оқытушысы А.С. Арысбаева 20.04.2026ж. күні, сағат 10:30-де 6В01503-Информатика мұғалімдерін даярлау білім беру бағдарламасының ЕП-23-13к1, ЕП-23-13к2 оқу топтарына №305А аудиториясында Желілік бағдарламалау пәнінен дәріс сабағында «Электрондық пошта» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Электрондық пошта – интернет арқылы хат, құжат, сурет және басқа да ақпараттарды жіберуге және қабылдауға арналған байланыс құралы. Қазіргі таңда электрондық пошта білім беру, бизнес және күнделікті қарым-қатынаста кеңінен қолданылады. Оның басты артықшылықтары – ақпараттың жылдам жеткізілуі, қолжетімділігі және бір уақытта бірнеше адамға хабарлама жіберу мүмкіндігі туралы білім алушылармен дәріс-дискуссия жүргізді.