ТӘШЕНЕВ УНИВЕРСИТЕТІ 5 ЖЫЛҒА АККРЕДИТТЕУДЕН СӘТТІ ӨТТІ
background

ТӘШЕНЕВ УНИВЕРСИТЕТІ 5 ЖЫЛҒА АККРЕДИТТЕУДЕН СӘТТІ ӨТТІ

Медиатека / Жаңалықтар / ТӘШЕНЕВ УНИВЕРСИТЕТІ 5 ЖЫЛҒА АККРЕДИТТЕУДЕН СӘТТІ ӨТТІ

TӘШЕНЕВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНА ЖОҒАРЫ БАҒА БЕРІЛДІ
2026 жылғы 15 мамырда Аккредиттеу кеңесінің отырысында «Жұмабек Ахметұлы Тәшенев университеті» акционерлік қоғамын институционалдық аккредиттеу туралы шешім қабылданды. Нәтижесінде университет 5 жыл мерзімге аккредиттеуден сәтті өтті.
Сонымен қатар университеттің бірқатар білім беру бағдарламалары да мамандандырылған аккредиттеуден өтіп, 5 жыл мерзімге аккредиттелді. Бұл – оқу орнының білім беру сапасының жоғары деңгейде екенін, заманауи талаптарға сай мамандар даярлауға қабілетті екенін көрсетеді.
Аккредиттеу шешімі «Тәуелсіз Қазақстандық аккредиттеу орталығы» коммерциялық емес мекемесінің Аккредиттеу кеңесінде қабылданды.
Аккредиттелген білім беру бағдарламалары қатарында мемлекеттік және жергілікті басқару, педагогика, халықаралық бизнес, химия, агрономия, биология, информатика, физика, тарих, қазақ, орыс және өзбек тілі мен әдебиеті, мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, дене шынықтыру және басқа да бағыттар бар.
Бұл жетістік – университет ұжымының жүйелі жұмысының, оқытушылар мен студенттердің бірлескен еңбегінің нәтижесі. Алдағы уақытта да Тәшенев университеті білім сапасын арттыру, халықаралық талаптарға сай кадр даярлау және ғылыми-білім беру әлеуетін дамыту бағытындағы жұмыстарын жалғастыра береді