Қазіргі қазақ әдебиетінде Абай дәстүрінің көрінісі
2026-05-29
Жұмабек Ахметұлы Тәшенев атындағы университетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының қауымдастырылған профессор (доцент) м.а., филологиы ғылымдарының кандидаты Л.У.Абенова 2026 жылдың 14 қаңтар күні 6В01701 – «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламасының білім алушыларына арналған «Абайтану» пәні бойынша «Қазіргі қазақ әдебиетінде Абай дәстүрінің көрінісі тақырыбында ашық сабақ өткізді. Лекция түрінде ұйымдастырылған сабақ 208 аудиторияда, сағат 09:30-да өтті.
Сабақ барысында қазіргі қазақ әдебиетінде ақын-жазушылардың бүкіл шығармашылығы Абай атты ұлы арнадан бастау алатыны, ХХ ғасыр басындағы әдебиетті сөз еткенде, Шәкәрім, Ахмет, Міржақып, Сұлтанмахмұт, Мағжан сынды ұлы тұлғалар поэзиядағы Абай салған дәстүрдің сан қырын ашып, жаңашылдықпен жалғастырғаны нақты мысалдар арқылы жан-жақты қарастырылды. Абай ұлылығын тани біліп, ақындығына табынған осынау «оқушылар» ұлы ақын дәстүрінің әр қырын, әр бағытын өз шығармашылық мүмкіндігіне, ұстанған мақсатына орай дамытып, жаңғыртуы жан-жақты нақты мысалдар арқылы талданды.
Ашық сабақ жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оқу мақсаттарына толық қол жеткізілді.

