ТӘШЕНЕВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ҚАЗАҚ-ТҮРІК МӘДЕНИ КЕШІ ӨТТІ
background

ТӘШЕНЕВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ҚАЗАҚ-ТҮРІК МӘДЕНИ КЕШІ ӨТТІ

2026-05-08

Медиатека / Жаңалықтар / ТӘШЕНЕВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ҚАЗАҚ-ТҮРІК МӘДЕНИ КЕШІ ӨТТІ

ТӘШЕНЕВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ҚАЗАҚ-ТҮРІК МӘДЕНИ КЕШІ ӨТТІ
Тәшенев университетінің Әлем тілдері кафедрасында қазақ және түрік халықтарының мәдени байланысын нығайтуға арналған ерекше рухани-мәдени кеш өтті. Іс-шара студенттердің бастамасымен ұйымдастырылып, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй мен ұмытылмас әсер сыйлады.
Кештің арнайы қонақтары ретінде Түркиядан келген PhD доктор, Әлем тілдері институтының оқытушысы Хасан Фахри Дурал және Қожа Ахмет Ясауи университетінің шетелдік оқытушысы Тугай Парлак қатысты.
Мәдени кештің жоғары деңгейде өтуіне Тәшенев университетінің оқытушысы Арысбаева Эльнора үлкен үлес қосып, концерттің көркемдік жетекшісі ретінде шығармашылық бағдарламаны үйлестірді.
Кеш барысында қазақ және түрік тілдерінде әндер шырқалып, ұлттық және заманауи билер орындалды. Студенттер әсерлі өлеңдер оқып, домбыра үні көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
PhD доктор Хасан Фахри Дурал өз сөзінде:
«Қазақстан мен Түркияны тек тарихи тамыр ғана емес, ортақ рухани құндылықтар мен бауырластық байланыстырады. Осындай кештер жастар арасындағы достықты одан әрі нығайтады», — деп атап өтті.
Іс-шара достық пен мәдени үндестіктің жарқын көрінісіне айналып, қатысушыларға ерекше әсер сыйлады. Кеш соңында қонақтар мен студенттер еркін форматта пікір алмасып, жылы атмосферада бас қосты.
Бұл мәдени кеш қазақ-түрік достығының тағы бір тағылымды әрі есте қаларлық көрінісі болды.