ТӘШЕНЕВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ GITEX AI CENTRAL ASIA & CAUCASUS ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМЫНА ҚАТЫСТЫ
2026-05-09
Медиатека / Жаңалықтар / ТӘШЕНЕВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ GITEX AI CENTRAL ASIA & CAUCASUS ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМЫНА ҚАТЫСТЫ
ТӘШЕНЕВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ GITEX AI CENTRAL ASIA & CAUCASUS ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМЫНА ҚАТЫСТЫ
Алматы қаласында технологиялар мен жасанды интеллект саласындағы Орталық Азиядағы ең ірі халықаралық алаңдардың бірі — GITEX AI Central Asia & Caucasus көрмесі мен форумы өтті. Аталған ауқымды іс-шараға Тәшенев университетінің делегациясы қатысып, әлемдік IT-индустриядағы жаңа бағыттармен танысты.
Университет атынан форумға вице-ректор Рысбекова Жанар Қасымбековна, аппарат басшысы Сугірбекова Камилла Сейсембековна және «IT және цифрлық технологиялар» кафедрасының меңгерушісі Ботаева Сауле Байзаховна қатысты.
Форум барысында делегация өкілдері халықаралық технологиялық компаниялар мен сарапшылардың тәжірибесін зерделеп, жасанды интеллект, киберқауіпсіздік, цифрлық инфрақұрылым және инновациялық экожүйелерді дамыту бағытындағы заманауи трендтермен танысты. Сонымен қатар білім беру саласын цифрландыру, жоғары оқу орындарына AI технологияларын енгізу және цифрлық трансформацияны дамыту мәселелері талқыланды.
Халықаралық форум аясындағы кездесулер мен тәжірибе алмасу университеттің ғылыми-инновациялық әлеуетін нығайтуға, білім беру үдерісіне озық технологияларды енгізуге және халықаралық серіктестікті кеңейтуге жаңа мүмкіндіктер ашады


