«Операциялық жүйелердің бапталуы» пәнінен ашық сабақ өтті
background

«Операциялық жүйелердің бапталуы» пәнінен ашық сабақ өтті

2026-04-30

Медиатека / Жаңалықтар / «Операциялық жүйелердің бапталуы» пәнінен ашық сабақ өтті

«Операциялық жүйелердің бапталуы» пәнінен ашық сабақ өтті

Оқытушы: магистр, аға оқытушы Жолшиева Альмира Зулпухарқызы
Тақырыбы: «Арнайы ЭЕМ-дер. Мәліметтер қоры машиналары, объектілі-бағытталған архитектура»

2026 жылғы 8 сәуір күні магистр, аға оқытушы Жолшиева Альмира Зулпухарқызы ИЭФ-24-13к1,2,3,4,5 топ студенттеріне «Операциялық жүйелердің бапталуы» пәні бойынша «Арнайы ЭЕМ-дер. Мәліметтер қоры машиналары, объектілі-бағытталған архитектура» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Аталған сабақтың мақсаты – студенттерге арнайы электрондық есептеу машиналарының (ЭЕМ) ерекшеліктерін түсіндіру, мәліметтер қоры машиналарының құрылымы мен жұмыс істеу принциптерін таныстыру, сондай-ақ объектілі-бағытталған архитектураның негізгі ұғымдары мен қолданылу салаларын меңгерту болды.

Сабақ барысында арнайы ЭЕМ-дердің түрлері мен олардың қолданылу ерекшеліктері жан-жақты қарастырылды. Сонымен қатар мәліметтер қоры машиналарының архитектурасы, деректерді өңдеу және сақтау принциптері түсіндірілді. Объектілі-бағытталған архитектура тақырыбы аясында негізгі ұғымдар, модельдеу тәсілдері және бағдарламалық жүйелерде қолданылуы талқыланды.

Дәріс презентациялық және ақпараттық форматта өткізіліп, заманауи оқыту әдістері қолданылды. Студенттер сабақ барысында белсенді қатысып, ұсынылған материалдарды талқылау арқылы өз білімдерін тереңдетті.

Ашық сабақ жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өтіп, қойылған мақсаттарға толықтай қол жеткізілді. Сабақ мазмұны студенттердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға және пәнге деген қызығушылығын дамытуға ықпал етті.