Ашық есік күні жоғары деңгейде өтті
2026-04-29
Медиатека / Жаңалықтар / Ашық есік күні жоғары деңгейде өтті
Ашық есік күні жоғары деңгейде өтті
2026 жылғы 24 сәуір күні университетімізде талапкерлерге арналған Ашық есік күні өтті. Іс-шараны «Жасанды интеллект және инновация» факультеті ұйымдастырды.
Іс-шараға №33 мектеп, №125 мектеп, №69 мектеп және IT Talant мектебі оқушылары қатысты.
Кездесу барысында факультет деканы мен профессор-оқытушылар құрамы университеттің білім беру бағдарламалары, мамандықтары және студенттік өмірі туралы кеңінен ақпарат берді. Сонымен қатар, оқушыларға Tomorrow School жобасы мен университетіміздің жаңадан ашылған жасанды интеллект зертханасы таныстырылып, заманауи технологиялар мен ғылыми жобалар көрсетілді.
Аталған іс-шара талапкерлер үшін бағыт-бағдар беретін маңызды әрі мазмұнды кездесу болды.



