Университетімізде Түркияның Анкара қаласындағы Гази университеті профессоры, Prof. Dr. Halil İbrahim Bülbül қатысуымен халықаралық ғылыми семинар ұйымдастырылды.
2026-04-28
Медиатека / Жаңалықтар / Университетімізде Түркияның Анкара қаласындағы Гази университеті профессоры, Prof. Dr. Halil İbrahim Bülbül қатысуымен халықаралық ғылыми семинар ұйымдастырылды.
📅 Өткізілген күні: 28 сәуір 2026 жыл
📌 Семинар тақырыбы:
«Жасанды интеллект саласындағы заманауи үрдістер мен ғылыми-инновациялық даму»
Іс-шара барысында профессор жасанды интеллекттің қазіргі даму бағыттары, ғылыми зерттеулер мен инновациялық технологиялардың маңызы туралы мазмұнды баяндама жасады.
Семинарға университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері белсенді қатысып, өзекті сұрақтар төңірегінде пікір алмасты.
Сонымен қатар, қонаққа университетіміздің жасанды интеллект зертханасы таныстырылып, зертханадағы ғылыми жобалар мен заманауи әзірлемелер көрсетілді.
Аталған кездесу халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамытуға және тәжірибе алмасуға үлкен мүмкіндік берді.




