«Инновациялық білім беру ортасын құру: цифрлық ресурстар мен халықаралық ынтымақтастық» атты дөңгелек үстел өтті
background

«Инновациялық білім беру ортасын құру: цифрлық ресурстар мен халықаралық ынтымақтастық» атты дөңгелек үстел өтті

2026-04-17

Медиатека / Жаңалықтар / «Инновациялық білім беру ортасын құру: цифрлық ресурстар мен халықаралық ынтымақтастық» атты дөңгелек үстел өтті

2026 жылғы 17 сәуір күні Ж.А. Ташенев университетінде білім беру процесін жаңғырту мен цифрлық трансформациялау мәселелеріне арналған «Инновациялық білім беру ортасын құру: цифрлық ресурстар мен халықаралық ынтымақтастық» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға  EDP HUB Publishing (Eurasian Digital Platforms Hub) компаниясының сарапшысы және бас маманы Гүлжауар Бикжанова мен профессор-оқытушылар құрамы қатысты.

Кездесудің негізгі мақсаты – оқытушылар мен студенттердің IT-құзыреттілігін арттыру, оқу процесіне заманауи электрондық ресурстарды тиімді енгізу және университеттің ғылыми-педагогикалық әлеуетін халықаралық деңгейде дамыту болды.

Дөңгелек үстел барысында қатысушылар білім беру үдерісін цифрландырудың өзекті бағыттарын талқылады. Атап айтқанда, EDP Hub және IPR SMART платформаларының мүмкіндіктері таныстырылып, 160 000-нан астам оқу материалдарын оқу процесіне интеграциялау жолдары қарастырылды. Сонымен қатар, баспа саласындағы серіктестік мәселелері қозғалып, университеттің профессор-оқытушы құрамының еңбектерін бірлесіп басып шығару және халықаралық деңгейде насихаттау мүмкіндіктері сөз болды.

Іс-шара аясында онлайн курстарды дамытуға ерекше назар аударылып, оқытушылардың авторлық курстарын заманауи цифрлық платформалар арқылы ілгерілету жолдары ұсынылды.

Кездесу соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, ұсыныстарын білдірді. Мұндай іс-шаралар университеттің цифрлық, ақпараттық  білім беру ортасын жетілдіруге профессор-оқытушылар құрамының біліктілігін арттыруға және университетте инновациялық білім беру ортасын құруға ықпал етуге үлкен серпін беретіні атап өтілді. Семинар қорытындысы бойынша сертификаттар табыс етілді.