«Жасанды интеллект және инновация» факультетінің салалық кеңесінің отырысы өтті
background

«Жасанды интеллект және инновация» факультетінің салалық кеңесінің отырысы өтті

2026-04-25

Медиатека / Жаңалықтар / «Жасанды интеллект және инновация» факультетінің салалық кеңесінің отырысы өтті

2026 жылғы 9 сәуір күні «Жасанды интеллект және инновация» факультетінің салалық кеңесінің отырысы өтті.

Аталған жиынға факультет деканы Д.Ш. Душабаев, декан орынбасары В.И. Нахипова, кафедра меңгерушісі С.Б. Ботаева, «IT және цифрлық технологиялар» кафедрасының профессор-оқытушылары, практика жетекшілері, «Tomorrow School» директоры У.Н. Сламбеков және практика базаларының өкілдері қатысты.

Отырыс барысында қатысушылар «Tomorrow School» оқу орталығының қызметімен танысып, оның инфрақұрылымын қарастырды.

Күн тәртібіне сәйкес «Tomorrow School» директоры У.Н. Сламбеков инновациялық IT мектебінің концепциясын таныстырды. Кафедра меңгерушісі С.Б. Ботаева кафедраның стратегиялық жоспарын ұсынып, білім беру бағдарламаларын жетілдіру мәселелеріне тоқталды.

Факультет деканы Д.Ш. Душабаев күн тәртібіндегі мәселелер бойынша баяндама жасаған қатысушылардың пікірлеріне өз көзқарасын білдіріп, ұсыныстарын ортаға салды. Сонымен қатар, факультеттің кадрлық әлеуетін арттыру мақсатында жаңа профессор-оқытушылар құрамын жұмысқа тарту қажеттілігі туралы пікірін білдірді.

Отырыс соңында күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша тиісті ұсыныстар айтылып, алдағы жұмыстардың негізгі бағыттары айқындалды.