2026 жылдың 19 наурызында «Химия және биология» кафедрасының ұйымдастыруымен Жаңа Конституцияны талқылау мақсатында «Ата заң – тәуелсіздік тірегі» тақырыбында баяндама оқылды.
2026-04-22
2026 жылдың 19 наурызында «Химия және биология» кафедрасының ұйымдастыруымен Жаңа Конституцияны талқылау мақсатында «Ата заң – тәуелсіздік тірегі» тақырыбында баяндама оқылды. Қазақстан Республикасында 2026 жылға жоспарланған конституциялық реформа шеңберінде негізгі заңның жаңа жобасы ұсынылды. Құжат елдің құқықтық жүйесін жаңғыртуға, мемлекеттік басқаруды жетілдіруге және қоғам дамуының қазіргі заманғы талаптарына сәйкес келетін құқықтық базаны қалыптастыруға бағытталған. Жаңа Конституция жобасында білім мен ғылым, мәдениет пен инновация мемлекеттің негізгі басымдықтары ретінде айқындалған. Бұл бағыттар адами капиталды дамытуды және елдің зияткерлік әлеуетін нығайтуды қамтамасыз етуге арналған. Сонымен қатар, реформаның маңызды жаңалықтарының бірі цифрландыру саласын конституциялық деңгейде бекіту болып табылады. Цифрлық ортада азаматтардың құқықтарын қорғау жөніндегі нормалар алғаш рет енгізілуде, дербес деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің және қазіргі заманғы технологияларды пайдаланудың құқықтық тетіктері айқындалуда. Жалпы, жаңа Негізгі Заң мемлекет пен қоғамның өзара жауапкершілігін күшейтуге, құқықтық мемлекетті дамытуға және азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған.Студенттерге Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы жалпы мәлімет берді. Конституция – мемлекетіміздің негізгі заңы екені, онда азаматтардың құқықтары мен міндеттері айқын көрсетілгені түсіндірілді. Сонымен қатар Конституцияға енгізілген жаңа өзгерістер мен толықтырулардың маңызы айтылды. Бұл өзгерістердің елдегі демократиялық қағидаларды нығайтуға, халықтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталғаны атап өтілді. Студенттер Конституцияның қоғамдағы рөлі туралы өз ойларын айтып, сұрақтарын қойды. Олар заңды құрметтеу, азаматтық жауапкершілік және ел болашағына деген жауапкершілік туралы пікір алмасты. Презентация арқылы Қазақстан Республикасының жаңа конститутциясы» атты тақырыбында конституцияда қандай өгерістер еңгізілгенін айтып шықты. Студенттер тарапынан бірнеше сұрақтар беріліп талқыланды.


