«Орыс және өзбек тілдері» кафедрасы ғылым саласындағы маңызды жетістіктерінің қатарын толықтырды.
background

«Орыс және өзбек тілдері» кафедрасы ғылым саласындағы маңызды жетістіктерінің қатарын толықтырды.

2026-04-20

Медиатека / Жаңалықтар / «Орыс және өзбек тілдері» кафедрасы ғылым саласындағы маңызды жетістіктерінің қатарын толықтырды.

«Орыс және өзбек тілдері» кафедрасы ғылым саласындағы маңызды жетістіктерінің қатарын толықтырды.

Кафедра оқытушысы Азадахан Мүбаракқызы филология ғылымдары бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін сәтті қорғап алды. Қорғалған диссертациялық жұмыс өзектілігімен, ғылыми жаңалығымен және теориялық-практикалық маңыздылығымен ерекшеленеді.

Бұл нәтиже – жүйелі ғылыми ізденістің, кәсіби жауапкершіліктің және жоғары академиялық дайындықтың көрсеткіші. Зерттеу жұмысы тіл білімі саласындағы өзекті мәселелерді қарастырып, ғылыми қауымдастық үшін маңызды тұжырымдар ұсынды.

Азадахан Мүбаракқызының бұл жетістігі кафедраның ғылыми әлеуетін арттырып, білім беру мен зерттеу бағытындағы жұмысына оң серпін береді. Ғалымның алдағы уақытта да ғылыми-зерттеу қызметін жалғастырып, жаңа жобаларды жүзеге асырып, отандық ғылымның дамуына үлес қоса беретініне сенім білдіреміз.

Әріптесімізді жоғары ғылыми дәрежеге ие болуымен құттықтай отырып, шығармашылық табыс, тың ғылыми жетістіктер және кәсіби қызметінде жаңа белестер тілейміз.