Инклюзивті білім – баршаға тең мүмкіндік!
Медиатека / / Инклюзивті білім – баршаға тең мүмкіндік!
Қазіргі білім беру жүйесінің басты бағыты – әрбір білім алушыға сапалы әрі қолжетімді білім беру. Инклюзивті білім беру осы мақсатқа жетудің маңызды жолы болып табылады.
Инклюзия – бұл ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қоғамнан бөлмей, олармен бірге білім алуына жағдай жасау. Мұндай ортада әрбір тұлғаның ерекшелігі ескеріліп, қабілеттерін дамытуға мүмкіндік беріледі.
✨ Инклюзивті білім берудің артықшылықтары:
— тең құқық пен мүмкіндік;
— өзара құрмет пен түсіністік;
— тұлғааралық қарым-қатынастың дамуы;
— қоғамда толеранттылық мәдениетті қалыптастыру.
📌 Әр бала – ерекше. Ал білім беру жүйесінің міндеті – сол ерекшелікті аша білу







