РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ЖАС ҒАЛЫМ – 2026: БОЛАШАҚҚА КӨЗҚАРАС» КОНФЕРЕНЦИЯСЫ Ж.А.ТӘШЕНЕВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ӨТІП ЖАТЫР
background

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ЖАС ҒАЛЫМ – 2026: БОЛАШАҚҚА КӨЗҚАРАС» КОНФЕРЕНЦИЯСЫ Ж.А.ТӘШЕНЕВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ӨТІП ЖАТЫР

2026-04-10

Медиатека / Жаңалықтар / РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ЖАС ҒАЛЫМ – 2026: БОЛАШАҚҚА КӨЗҚАРАС» КОНФЕРЕНЦИЯСЫ Ж.А.ТӘШЕНЕВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ӨТІП ЖАТЫР

Бүгін Шымкент қаласындағы Ж.А.Тәшенев атындағы университетінде жас ғалымдар, докторанттар, магистранттар мен студенттердің қатысуымен республикалық ғылыми-практикалық конференция өтіп жатыр.
Конференция бағдарламасы мазмұнды әрі ауқымды. Қатысушылар күнді «AILAB» зертханасына экскурсиядан бастап, заманауи зерттеу мүмкіндіктерімен танысуда. Қазіргі уақытта ашылу салтанаты өтіп, пленарлық отырыста өзекті ғылыми баяндамалар ұсынылуда.
Пленарлық бөлімде студенттер түрлі бағыттағы зерттеулерін таныстыруда. Атап айтқанда:
– Жұмабек Тәшеневтің тарихи рөлі мен ұлт мүддесін қорғаудағы қызметі;
– жеткіншектердің психологиялық денсаулығы және арт-терапияның маңызы;
– жасанды интеллекттің қоғам мен еңбек нарығына әсері;
– геймификация арқылы білім берудегі жаңа тәсілдер;
– цифрлық платформалардың (Yandex Go, Uber, InDriver) тұтынушылық мінез-құлыққа ықпалы;
– биология саласындағы зерттеулер (Bombus terrestris, Trichogramma pintoi);
– шет тілін оқытудағы коммуникативтік әдістер;
– ұлттық ойындардың қазіргі қоғамдағы рөлі және басқа да өзекті тақырыптар қамтылуда.
Конференция аясында 7 негізгі ғылыми бағыт бойынша секциялық отырыстар ұйымдастырылып жатыр:
🔹 Физика-математика және химия-биология ғылымдары
🔹 Тарих және өнертану
🔹 Экономика және құқық
🔹 Филология
🔹 Педагогика
🔹 IT және цифрлық технологиялар
🔹 Дене шынықтыру және спорт
Әр секцияда кафедралар мен білім беру бағдарламаларының студенттері мен жас зерттеушілері өз жұмыстарын қорғап, ғылыми пікірталастар жүргізуде. Бұл алаң жас ғалымдардың ғылыми ойлауын дамытуға, тәжірибе алмасуға және жаңа идеяларды қалыптастыруға мүмкіндік беруде.
Бағдарлама аясында үздік баяндамалар марапатталуда, қатысушылардың ғылыми жетістіктері жоғары бағалануда.
💬 Университет ректоры Қ. Байболов құттықтау сөзінде:
«Жас ғалымдар – елдің зияткерлік әлеуетінің негізі. Сіздердің ізденістеріңіз бен ғылыми жаңалықтарыңыз болашақтың дамуына жол ашады. Осындай алаңдар жас зерттеушілердің қалыптасуына үлкен серпін береді».
Конференция ғылым мен білімді ұштастырып, жас зерттеушілерге жаңа мүмкіндіктер ашатын маңызды алаң ретінде жалғасуда.