СТУДЕНТТЕРМЕН МАҢЫЗДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ: ЖАСТАР САЯСАТЫ ЖӘНЕ МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ
background

СТУДЕНТТЕРМЕН МАҢЫЗДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ: ЖАСТАР САЯСАТЫ ЖӘНЕ МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ

2026-04-09

Медиатека / Жаңалықтар / СТУДЕНТТЕРМЕН МАҢЫЗДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ: ЖАСТАР САЯСАТЫ ЖӘНЕ МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ

Университетте студент жастармен маңызды әрі мазмұнды кездесу ұйымдастырылды. Іс-шара жастардың мемлекеттік саясаттағы орнын айқындап, олардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға бағытталды.
Кездесудің негізгі идеясы – әрбір жастың ел дамуына қосатын үлесі бар екенін көрсету, оларды мемлекеттік бағдарламалар арқылы қолдау және өз болашағына жауапкершілікпен қарауға ынталандыру. Бүгінде мемлекет жастарды тек біліммен ғана емес, жұмыспен қамту, кәсіп бастау, баспаналы болу бағыттарында да жүйелі түрде қолдап келеді.
Іс-шараға:
– Тұран ауданы бойынша Мансап орталығының Жұмыс іздеушілерді қолдау секторының басшысы Журимбаева Саиида Исагалиевна
– Отбасы банкінің қаржылық кеңесшісі Нурмаганбетова Феруза Муслимовна қатысты.
Спикерлер студенттерге жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалардың нақты тетіктерін түсіндіріп, еңбек нарығындағы мүмкіндіктер, алғашқы жұмысқа орналасу жолдары және қаржылық жоспарлау мәдениеті туралы айтып өтті.
Журимбаева Саиида Исагалиевна:
«Жастар – елдің қозғаушы күші. Сондықтан әрқайсыңыз өз мүмкіндіктеріңізді жібермей, белсенді болуға тиіссіздер».
Нурмаганбетова Феруза Муслимовна:
«Қаржылық сауатты ұрпақ – тұрақты қоғамның негізі. Әр студент бүгіннен бастап өз болашағын жоспарлауы керек».
Кездесу ашық диалог форматында өтіп, студенттер өз сұрақтарына жауап алып, мемлекет ұсынатын мүмкіндіктер туралы кеңінен ақпарат алды.