Мамраймов Серік Дәулетұлы
background

Мамраймов Серік Дәулетұлы

Академиялық мәселелер жөніндегі проректор

Тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор

  • «Сырдария» университетінде ғылыми істер және халықаралық қатынастар жөніндегі проректор, оқу істері жөніндегі проректор және ректор қызметтерін атқарған.
  • Орталық Азия инновациялық университетінде халықаралық қатынастар жөніндегі проректор қызметін атқарған.
  • «Мирас» университетінде оқу және оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор қызметін атқарған.
  • Ө. Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің Сапаны бақылау және білімді бағалау орталығын басқарған.
  • Ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі – 30 жыл, оның ішінде басшылық лауазымдардағы еңбек өтілі – 24 жыл.
  • «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» (2016) және «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» (2021) мерекелік медальдарымен, «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен (2018), Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Ғылым үздігі» құрмет дипломымен (2025) және Алғыс хатымен (2026) марапатталған.
  • Екі монографияның, бір оқулықтың және екі оқу құралының авторы.
  • 10 авторлық куәліктің иегері.
  • 100-ден астам ғылыми мақала мен шығармашылық еңбектің авторы.