Рысбекова Жанар Қасымбекқызы
background

Рысбекова Жанар Қасымбекқызы

1. Жауапкершілік саласы:

Университеттің академиялық, ғылыми және халықаралық қызметінің басым бағыттарын айқындайды, жаһандық серіктестіктерді дамытуға, бәсекеге қабілеттілікті арттыруға және халықаралық білім беру кеңістігіне интеграциялануға басшылық етеді. Халықаралық бағдарламаларды, кафедралар мен институттардың шетелдік бастамалар бойынша жұмысын үйлестіреді. Қызметі Университет Жарғысына сәйкес жүзеге асырылады.

2. Жұмыс өтілі

1) Ұлттық және мемлекеттік университеттердегі ТОП-менеджер (2019-2025). (2019–2025).

2) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі зерттеу орталығының басшысы.

3) Академиялық бағдарламалар жетекшісі, филиал директоры, профессор.

4) Мемлекеттік қызметші (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, Білім министрлігі).

5) ЕҚЫҰ сарапшысы, ұлттық және халықаралық білім беру бағдарламаларының тренері.

6) Құқық қорғау органдарының бастығы.

3. Білімі

1) Екі жоғары білім: техникалық және заңгерлік.

2) Құқық магистрі.

3) Заң ғылымдарының кандидаты.

4. Жетістіктері

1) Университеттердің стратегиялық және халықаралық даму бағдарламаларын іске асырды.

2) Халықаралық рейтингтерде алға жылжуды және ғылыми мобильділікті дамытуға қол жеткізді.

3) Ғылыми жарияланымдардың, әдістемелік ұсынымдар мен мемлекеттік органдарға арналған жобалардың авторы.

4) Басқару, академиялық даму және цифрландыру саласында инновациялық үдерістерді енгізді.

5) Мемлекеттік органдар мен оқу орындарының медальдарымен және құрмет белгілерімен марапатталған.

5. Кәсіби біліктілікті арттыру

1) “Сколково” Мәскеу менеджмент мектебі.

2) Danube Business School (Австрия).

3) ISO 21500, ISO 37001 сертификаттары, ICU коучингі.

4) Erasmus+, Samruk-Kazyna Corporate University, HCMC Turkey және басқа да халықаралық бағдарламалар.

6. Мүшелік және сарапшылық қызмет

1) ЕҚЫҰ сарапшысы.

2) Ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығының сарапшысы.

3) Мемлекеттік қызметкерлерді оқыту жөніндегі Еуразиялық орталықтың тренері.

4) Халықаралық конференциялардың спикері.

7. Негізгі жарияланымдары

1) Қазақстандық және шетелдік басылымдарда жарық көрген 20-дан астам ғылыми мақала.

2) Экологиялық құқық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы реттеу және басқару тақырыптарындағы еңбектер.

3) Покетбук және бірқатар сараптамалық ұсынымдардың авторы.

8. Негізгі зерттеу жобалары

1) Мемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жоба — халықаралық ұйымдардың қолдауымен.

2) Экологиялық құқық және тұрақты даму саласындағы зерттеу — шетелдік серіктестердің қаржыландыруымен.

3) Жоғары білімдегі академиялық адалдық пен этика мәселелері бойынша жоба — халықаралық сарапшылармен бірлесіп жүзеге асырылған.

4) Ішкі аудитті дамыту бағдарламасы (гранттық қолдау).

5) Мемлекеттік және білім беру ұйымдары үшін комплаенс және тәуекел-менеджмент мәселелері бойынша зерттеулер.

6) Халықаралық форумдар мен желілік жобалар аясындағы трансшекаралық зерттеу бастамаларына қатысу.