“Cultural Heritage and Identity” ашық сабақ
- 1 view
2025 жылдың 17 сәуірінде «Ағылшын тілі» кафедрасының оқытушысы Д.Б. Назар 6В01707 – Шетел тілдері (IP) білім беру бағдарламасының Фи-24-9к3 тобы студенттерімен «Лингвоелтану» пәнінен ашық сабақ өткізді.
Ашық сабақтың тақырыбы: “Cultural Heritage and Identity” (Мәдени мұра және ұлттық бірегейлік).
Сабақтың негізгі мақсаты — студенттерге түрлі мәдениеттердің бірегейлігін және олардың тіл мен дәстүрдегі маңызын түсіндіру болды. Студенттер әлемнің әртүрлі елдерінің мәдени мұраларын зерттеп, ұлттық ерекшеліктерін атап өтіп, «language revitalisation», «cultural identity», «heritage» ұғымдарына қатысты зерттеу жүргізді.
Сабақ барысында студенттер топтық жұмыстар мен постерлер арқылы өздерінің зерттеу нәтижелерін ағылшын тілінде қорғап, белсенді пікір алмасып, мәдени мұра мен тілдің маңызы туралы талқылаулар жасады. Жоба қорғау барысында әр студент тіл мен мәдениеттің, дәстүрдің өзара байланысын, оларды сақтау және дамыту жолдарын кеңінен талқылады.
Пән оқытушысы Д.Б. Назар студенттердің шығармашылық көзқарастарын, зерттеу қабілеттерін жоғары бағалап, сабақтың нәтижелі өткенін атап өтті.
Сабақтың негізгі кезеңдері:
- Тақырып бойынша топтық жұмыс
- Мультимедиялық презентациялар мен постер қорғау
- Қатысушылардың ағылшын тіліндегі пікір алмасуы мен талқылаулары
Бұл ашық сабақ студенттерге мәдениетаралық коммуникация дағдыларын дамытуға, сондай-ақ ағылшын тіліндегі ғылыми жұмысты қорғау қабілеттерін арттыруға мүмкіндік берді.