«Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары»

«Экономика және құқық» кафедрасы 2023 жылдың 10 қазан күні сағат 1030-да Акт залында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2023 жылғы  1 қыркүйектегі Жолдауын «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты іс-шара студенттер мен және професессорлық-оқытушылар құрамымен   өткіздік.
Іс – шараның өткізу мақсатты  Әділетті Қазақстанды құру, саяси-экономикалық реформа жасау, қоғамдық сана, азаматтардың ниеті өзгеруі керектігі, әрбір азаматымыз, әсіресе, жастар ең жақсы қасиеттерді бойына сіңіруі қажеттілігі, әркім отаншыл, білімпаз, еңбекқор, тәртіпті, адал, әділ, үнемшіл әрі жанашыр болу керектігін білдірдік. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауы-өте көп қырларды қамтыған нақты тапсырмалар мен жаңа міндеттемелерді жүктеді.
 «Экономика және құқық» кафедрасының 1,2,3 курс студенттері - Cайдикрамов Закир – ИЭФ-22-2к, Рустамов Шахрух – ИЭФ – 22-3к, Стрельникова Марина - ИЭФ-22-1р, Битас Асель,  Жолдас Аружан – ИЭФ -22-11к, Битурсынова Арайлым – ИЭФ-23-5к топтарының студентттері белсенді қатысып, барлық туындаған мәселелерді баяндама арқылы дайындап жеткізді.
Eң басты міндет – еліміздің мықты өнеркәсіптік негізін қалыптастыру және экономикамыз өзімізді толық қамтамасыз ете алатын жағдайға жету.    
Жалпы айтқанда. бұл Жолдау өзінің мәні мен мазмұны жағынан айрықша құжат болып табылады. Ендігі мақсат – ел болып жұмылып, Жолдауда көтерілген игі бастамаларды іске асыру.
Президентіміз айтқандай, Қазақстан – біздің жалғыз ғана Отанымыз! Оның іргесі берік, керегесі кең, төрт құбыласы түгел болуы – өз қолымызда. Бабалардан мирас болған ұлан-ғайыр жерді қорғау, оны өркендету – біздің перзенттік парызымыз. Біз еліміздің әрбір азаматын осы қасиетті парызға адал болуға шақырамын.
 

Оқиға категориялары