"Тіл - достықтың тірегі"

Қыркүйек айының жиырма бесінші жұлдызында университетіміздің студенттер үйінде, тілдер мерекесіне арналған «Тіл – достықтың тірегі» атты концерт болып өтті. Тіл мерекесі болған соң үш тілде жүргіздік қазақ, орыс, ағылшын.

Айтулы іс-шараға унверситетіміздің студенттер үйінде тұрып оқитын белсенді де беделді студенттерміз қатысты. Жүргізушілер Мұсабаева Ұлмекен, Тұрғынбаев Дәурен, Жақсылық Гүзат. Мерекелік кешімізде жүргізушілеріміз тілдің қадір қасиеті жайлы және де би-шешендеріміздің ұлы, дана сөздерін келген қонақтарға түіндіріп өтті.

Кешіміз әрмен қарай әнмен жалғасты. Университетіміздің күміс көмей, жез таңдай әншілеріміз Шыныбай Н., Қонысбек А., Кеңесбай А., Дүйсен Р., Ілес М. өз әндерін әдемі орындап шықты.

Кешіміздің орта белінде ақын жанды ұл-қыздарымыз мәнерлеп өлең оқыды. Әрине тіл жайлы мәнерлеп оқуда Қонысбек Арайлым, Джаппарова Ұлдана, Қуаныш Айкүміс, Айдарбек Ақмерей т.б. студенттер орындады. Соңына таяу үш тілдің маңызы жайлы пікір талас өтті.

Қатысушылар Асанғали Мұқағали, Бағысбаев Нұрбақыт кеш қонағы Ералиева Махаббат, Сатуов Бекболат. Пікір таласымыз қызықты тартысты ортаға ойып алар ой тастады.

Кешіміз екі күнге жалғасты, екінші күні спорттық жарыстар ұйымдастырылды. Ұйымдастырушылар Бексейтов Ерлан, Аяшев Бексұлтан. Вoлейболдан жары өткен болатын, 1-орынды «Аралас тобы», 2-орын «Жеңіс», 3-орын «3-ПАК» командалары қоржынына байлады. Ойын өте тартысты өтті, студенттер жаңбырға қарамай ойнады.

Тілдер мерекесі осылайша әнші, бишілермен пікір талас спорттық ойындармен өте керемет өтті. Осы кешті ұйымдастырған Байбол Розаға алғысымызды білдіреміз.

Оқиға категориялары