“Жалпы химия” пәнінен дәріс сабағы

2025 жылдың 24-сәуір күні Педагогикалық және жаратылыстану ғылымдары, Химия және биология кафедрасының 6В01507-Биология мұғалімін даярлау мамандығының ЕП 24-10 I, II к оқу топтарының “Жалпы химия” пәнінен дәріс сабағы ашық түрде өткізілді.

Сабақтың тақырыбы: Электролиттік диссоциация теориясы  тарауын пысықтау сабағы
Cабақтың түрі: Сайыс сабақ
Сабақтың әдісі: Қызықты сұрақ-жауап, проблемалық теңдеулер шешу, топтық жұмыстар, қызықты эксперименттер т.б.
Сабақтың көрнекілігі: Слайд, газеттік материалдар, химиялық құрал жабдықтар мен реактивтер т.б.
Өтілетін орны: 401 ауд

Сабақтың мақсаты: Электролиттік диссоциация теориясы бойынша студенттердің білімдерін пысықтау, қорытындылау сабағы.
1.    Электролиттер және бейэлектролиттер. 
2.    Электролиттік диссоциация теориясының негізгі қағидалары.
3.    Электролиттік диссоциация дәрежесі. Күшті және әлсіз электролиттер. Диссоциация дәрежесіне әсер етуші факторлар.
4.    Судың электролиттік диссоциациясы. Судың иондық көбейтіндісі. Судың диссоциациялану процесіне температураның әсері. Ерітінділердегі сутегі ионының концентрациясы.
4.    Ерітінділердегі комплексті иондардың тұрақтылығы. Ерітінділерде комплексті иондардың түзілуі және ыдырауы туралы білімдерін жетілдіру.
Сабақтың міндеттері:
1. Электролиттік диссоциация теориясы  тарауын қорытындылау, студенттердің білімдерін пысықтау. 
2. Тарау бойынша алған білімдерін, сабақта қолдана отырып, химиялық есептер шығару, тәжірбиелер жасау, химиялық реактивтерді дұрыс пайдалану дағдыларын дамыту.
3. Өзіндік топпен жұмыс жасауға, оқылған затты талдай білуге, салыстыра отырып, қорытынды жасауға, өз білімін көрсете білуге тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:  І. Ұйымдастыру бөлімі. студенттердің сабаққа қатысуы мен әзірлігі тексеріліп, назарын сабаққа шоғырландыру. Сайыс сабағының ережесімен, бағалау әдісімен таныстыру
1. Ақпараттық бөлім: Тақырып бойынша ақпарат жасалады. (10 балл)
 2. «Ойлы болсаң,озып көр» Тақырып бойынша қызықты сұрақтарға жауап береді. (10 балл)
 3. «Мықты болсаң,тауып көр»  Тақырып бойынша проблемалық есептер беріледі. (10 балл)
4. Кім жылдам: Тақырып бойынша екі топқа теңдеу шешу тапсырылады, студенттер бірлесе отырып реакция теңдеулерін аяқтайды. (10 балл)
5.Топтық жұмысы: Тақырып бойынша cтуденттер айналуларды іске асырады. (10 балл)
 

Оқиға категориялары