Scientific and practical conference

2024 жылдың  17 сәуірінде Ж. А.Тәшенев атындағы университеттің  ұйымдастыруымен "Жастар және ғылым-2024" жас ғалымдар мен студенттер арасындағы республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өткізілді. Филология факультеті "Тілдер және әдебиет" секциясы өз жұмысын  нәтижелі аяқтады. Білім алушылардың алғашқы баяндамасы  ФИ22-1к тобының студентті Қалназар Перизаттың "Қожа Ахмет Яссауйдың ақындық  әлемі" тақырыбындағы мазмұнды баяндамасынан басталып, көптеген өзекті мәселелер талқыланды. Модератор, аға оқытушы Р.А.Арынбаеваның басқаруымен өткен секцияның  баяндамашылары белсенділік танытып, тәрбиелік мәні зор тақырыптар талданып, тіл мен әдебиеттің өзекті мәселелері көтерілді. Білім алушылар дипломмен, алғыс хаттармен. марапатталып, мақалалар конференция еңбектері жинағына басылып жарық көрді.