ЖҰМАБЕК ТӘШЕНЕВТІҢ 111 ЖЫЛДЫҒЫ: ҰЛТ РУХЫНА ТАҒЗЫМ
background

ЖҰМАБЕК ТӘШЕНЕВТІҢ 111 ЖЫЛДЫҒЫ: ҰЛТ РУХЫНА ТАҒЗЫМ

2026-03-20

Mediathek / News / ЖҰМАБЕК ТӘШЕНЕВТІҢ 111 ЖЫЛДЫҒЫ: ҰЛТ РУХЫНА ТАҒЗЫМ

20 наурыз күні көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Жұмабек Ахметұлы Тәшеневтің туғанына 111 жыл толуына орай тағылымды іс-шара өтті.
Жұмабек Ахметұлының есімін иеленген университеттің Басқарма Төрағасы, ҰҒА академигі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Түркістан облысының Құрметті азаматы Оңалбай Аяшевтың бастамасымен Тәшенев ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі ұйымдастырылды.
Салтанатты шараға университет ректоры Қанат Байболовтың жетекшілігімен профессор-оқытушылар құрамы, проректорлар, факультет декандары, кафедра меңгерушілері, оқытушылар және белсенді студент жастар қатысты.
Жұмабек Тәшенев – ел тәуелсіздігі мен жер тұтастығын қорғауда ерекше ерлік танытқан тарихи тұлға. Ол мемлекет мүддесін қорғауда батыл шешімдер қабылдап, ұлттық құндылықтарды сақтауға және дамытуға зор үлес қосты. Оның қайраткерлік жолы – адалдықтың, әділдіктің және отансүйгіштіктің айқын үлгісі. Тәшеневтің ұстанған басты қағидаты – халыққа қызмет ету, ел бірлігін нығайту және ұлттық идеологияны дәріптеу болды.
Бүгінгі ұрпақ үшін Тәшеневтің өмір жолы – елге адал қызмет етудің, жауапкершілік пен азаматтық ұстанымның биік мектебі. Оның идеялары мен көзқарастары қазіргі жастарды елжандылыққа, ұлттық сана мен рухани құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелейді.
🔹
«Жұмабек Тәшенев – ел мүддесін бәрінен биік қойған, ұлт тұтастығы жолында қайсарлық танытқан тарихи тұлға. Осындай ардақты азаматтардың өнегесі – жас ұрпаққа бағыт-бағдар беретін шамшырақ. Біз олардың рухани мұрасын сақтау арқылы болашаққа нық қадам басамыз», – деп атап өтті ректор Қанат Байболов.

 

 

 

Бұл тағылымды шара – ұлы тұлғаның есімін ұлықтап қана қоймай, жастардың бойында отансүйгіштік пен ұлттық сана, тарихи жады қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам болды.