Құрметті профессор-оқытушылар құрамы, қызметкерлер және студенттер!
2026-03-07
Құрметті профессор-оқытушылар құрамы, қызметкерлер және студенттер!
Сіздерді 8 Наурыз — Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! 
Бұл жарқын мереке – адамзат өміріндегі әйелдердің айрықша рөлін, олардың мейірімі мен даналығын, еңбегі мен жауапкершілігін дәріптейтін ерекше күн. Бүгінде әйелдер қоғамның барлық саласында, соның ішінде ғылым мен білім беру кеңістігінде маңызды орын алып, елдің зияткерлік және рухани дамуына зор үлес қосып келеді.
Университетіміздің дамуына, білім мен ғылымның өркендеуіне үлес қосып жүрген ардақты ұстаздар мен белсенді студент қыздардың еңбегі ерекше құрметке лайық. Сіздердің кәсібиліктеріңіз, ізденістеріңіз бен табандылықтарыңыз оқу ордамыздың абыройын арттырып, болашақ ұрпақты тәрбиелеуде маңызды рөл атқарады.
Осы айтулы мереке күні баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке, шығармашылық табыс және жаңа жетістіктер тілейміз. Әр күндеріңіз қуанышқа, шабытқа және жарқын мүмкіндіктерге толы болсын!
Құрметпен,
Канат Байболов
Тәшенев университетінің ректоры
